Қазақстан ЕАДБ қатысушыларының санын арттыруды ұсынды

Қазақстан ЕАДБ қатысушыларының санын арттыруды ұсынды

Еуразиялық даму банкісінің құрамы жаңа ойыншылармен толығуы мүмкін. Алдағы уақытта, оның құрамына Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия мен Вьетнам секілді мемлекеттер мүше болады -, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан. Банк құрамындағы мемлекеттер санын арттыруды банктің басқарма төрағасы мен Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Масимов, ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевке ұсынды. Масимов банк стратегиясын қайта қарап, жобаларды таңдаған кезде, негізі және маңызды деген түрлерін таңдап отыруға шақырды. Бұған дейін, ЕАДБ Шанхай ынтымақтастық ұйымының банкін құрудағы негіз болады деп хабарланған еді. Осылай болып жатқан жағдайда банк құрамына Қытай, Вьетнам мен Монғолия қосылуы мүмкін. 

 

 

Сурет: www.russia.it


×