«ҚОЖА» ҚАЛТАЙ

«ҚОЖА» ҚАЛТАЙ

     Кезінде Олжас Сүлейменовпен Қалтай Мұхамеджанов ұстасып қала беретін болғасын, Дінмұхамед Қонаев  Қалекеңе Кинематографистер одағының бірінші хатшысы қызметін ұсынған. Сол тұста да, кейін де  руға, жүзге бөліну сырқаты мықтап дендеді. Сол сырқат айтыстырады, бір-біріміздің аяқтарымыздан шалдырады. Аяқтан шалудың бір жолы – арыз жазу. Сондай арыз жазылып, Қалекең мәселесі Орталық Комитеттің секретариатында қаралмақшы екен. Соның алдында Димекең Қалағаңды өзіне шақырады. Біраз әңгімеден соң сөз арызға қарай ауысады да, Димекең:

 -Осы, Қалтай, сен қай жүзге жатасың?,- дейді.

-Димеке, менің оңбай жүргенім сол ешбір жүзге жатпайтыным.

-Сонда сен кімсің?

 “Қожамын”.

-Осындағы ең жақын туысың кім?

-Морис Симашко

-Қалай?

-Жақындығым – Ыбырай пайғамбардың Сара деген қатынынан – Симашко аталары, Ажар дейтін қатынынан – арабтар, біздің ата-бабаларымыз туған,- депті.

Мамадияр ЖАҚЫП