«Тыштырма» рәсімінің мағынасы

«Тыштырма» рәсімінің мағынасы

«Тыштырма» дегеніміз не? Бұл салт қалай жасалады? Мағынасы неде?

Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – ұрпақ жалғасы, өмірдің мәні. Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан.

Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған. Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты, ірімшік, тоқаш, тәттілерді уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, «тышты ма?» деп сұрақ қойып, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. Оған жауап ретінде «тышты, тышты» деп, тәттілерді қолдарына алып, өзгелер ырымын жасайды. Бұл рәсім бір жағынан, перзент сүймеген келіншек сәбилі болсын деп тәттілерді үлестірсе, екінші жағынан – нәресте өскенде өмірі осындай тәтті әрі дәулетті болсын деген ырымнан туындаған. Аталмыш дәстүр «тыштырма» деп аталады.

 

 

Дайындаған: Гүлниса Алдажар


×