Жігіттер пеш салып, қыздар бауырсақ пісірді...

Алғашқы бағдарламамызда қатысушыларымыз киіз үй тіккен болатын. Бүгін қыз-жігіттердің жобадағы екінші күні.

Енді қазақ халқында әр отбасы, әрбір үй шаңырағын қондырған соң, жанына ошақ салып, тіршілікке кіріскен. Пеш бар жерде, от жанады, от бар жерде, ас болады дейді. Енді қатысушылар сол өз пештерінде ас-ауқаттарын жасап, тіршілік кешеді.

Ал қыздар қамыр ашытып, пеш біткен соң бауырсақ пісіреді. Қай топтың қыздарының бауырсағы керемет шықса, сол топ жеңеді.

Және жеңімпаз болған топ мүшелеріне 1 сағатқа телефон беріледі.



×