Украина, Чингул өзенінің жағалауы. XX ғасырдың 80-ші жылдары. Жер қыртысының әрбір қабаты мұқият тазартылса да, ештеңе қолға түспеген. Кенет төрт метрлік тереңдіктен ат әбзелдері табылған.
Бейіттің бетін топырақ терең жасырған екен. Мамандар бірнеше күн бойы жерді тереңірек қазғанда барып, олжаға кенелген. Қабірден ертегіде айтылатындай ағаштан жасалған, қақпағына 4 құлып салынған сандық шықты. Оны ашқанда ерекше киінген, бас сүйегі жарақаттанған, аяғы алтын шынжырмен байланған сүлде жатты.
Темір бетперденің иесі кім? Ол Қыпшақ билеушісі ме? Қалай көз жұмды?
Өлген ханның аяғы неге тұсауланған? Шығанақтан шыққан ханның бейнесі тірі кезінде қандай болған?
Subscribe for our daily news
Соңғы бағдарламалар
Әл-Фараби және философ тасы
- 5990
- 31.08.2020 05:49
Аңызға сүйенсек, Бағдат халифының сарайында бір әлхимик қызмет етеді. Оған халиф қазынасын кемітпеу үшін алтын жасап шығару міндеті жүктеледі.
Алтын Орда. Қара өлім
- 4549
- 21.08.2020 19:59
Әлемге ықпал еткен жергілікті жанжал. Жібек жолы қалай өлім жолына айналды? Алтын орданың алтын жылдары және зауалды шағы.
Алтын орда. Шыңғыс ханның өсиеті
- 8358
- 23.07.2020 16:17
Алтын орда аумағы қалай қалыптасты, Бұған Краков кернейшісінің қатысы бар ма?
Алтын Орда. Венгрияның тағына отырған Қыпшақ патшасы
- 4214
- 23.07.2020 10:29
Бір жарым мың жыл бұрын ғұндар, араға бес бес ғасыр салып мадьярлар Қазақстанның солтүстігінен Венгрияға қоныс аударған.
Абай. Ақынның жүрек үні
- 8928
- 09.07.2020 12:35
Мамандардың түрлі дерегіне сүйенсек, Абай Құнанбайұлы барлығы 200 ден астам өлең, үш поэма, 30 шақты ән жазған. 60 аударма жасап, 45 қара сөз қалдырған.
Әл-Фараби және Отырар кітапханасы
- 11252
- 08.06.2020 18:16
Философиялық еңбектердің жинағы, медициналық трактаттар, тарих, математика, психология және көркем әдебиет – барлығы жеті мың кітап.
Әл-Фараби. Балалық шақтың шаһары
- 6943
- 21.05.2020 17:47
Ол ертегінің қалай жазылатынын білуге ұмтылды. Алайда өз өмірі аңызға айналды. Ғалым, ақын, музыкант. Әл-Фарабидің балалық шағының шаһары.
Абай Құнанбаев. Жоғалған хаттар
- 12325
- 09.01.2020 08:17
Зерттеушілер жүз жылдан бері Абай жөнелткен хат-хабарды іздеумен келеді.