Қазақстандық экстремалды спортшылар: Ержан Есімханов және Сәкен Қағаров

Бүгінгі бағдарламада өмірін экстремалды спортпен байланыстырған қазақстандық спортшылармен сұхбат құрамыз. Спорттың бұл түрі Ержан Есімханов пен Сәкен Қағаровты халықаралық аренада танытты. Екеуі де адреналинді жақсы көреді. Алайда әдіс-тәсілдері екі бөлек.

Жас, алға қойған мақсаты айқын, ерекше талант иесі Сәкен Қағаров кәсіби велоспортпен айналысады. Нақтырақ айтсақ, Даунхилл Маунтинбайк деген түрімен шұғылданады. Экстрим жетпеген уақытта Сәкен тау мен тасты кезіп кетеді. Кезінде тау шаңғысымен айналысқан. Жүлдеге ие болған кездері де бар. Бұдан бөлек ол блогер және саяхатшы. Сұхбат барысында оның басқа да қырларын ашамыз деп үміттенемін. Онымен кездесу үшін әдейі осындай көрікті жерді таңдап алдық.

Бүгінгі бағдарламамыздың тағы бір кейіпкері – заңгер, блогер және жазушы Ержан Есімханов. Алайда спортсүйер қауым оны Оушенмен деген атпен таниды. Ол – Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен алғашқы Қазақстан азаматы. Ержан суық суда 34 шақырым жүзіп, Франция жағалауына Қазақстанның туын ілген азамат. Бұл – ол бағындырған биіктің біреуі ғана. 



×