Жаяу жарыс, Жекпе-жек, Спорттық кросс

Спорттық кросс. Бұл сайыс түрінің отаны Англия елі деп саналады. Спорттық кросстан алғашқы ресми жарыс 19 ғасырдың соңында ұйымдастырылды. Алайда көне көшпелі халықтарда осыдан мың жыл бұрын желаяқтар додасы болғанын екінің бірі біле бермейді. Қазақтар оны жаяу жарыс деп атайды.

Жаяу жарыс жайында отағасырдың көрнекі тарихшысы Низам Әль – Мульк деректер келтірген. Бұл сайыс түрі негізінен түркі халықтарының арасында ерте заманнан кең тараған. Додаға  ерлер мен әйелдер қатар түскен. Әсіресе ойлы-қырлы жерлермен жүігіре жарысу аса қызықты саналған. Ол арқылы адамның шыдамдылығы мен физикалық қабілеті сыналған. Жаяу жарыссыз бірде-бір мереке тойланбайтын.



×