Жылқыны қолға үйрету қазақ даласында басталған...

Адамның жануарлар әлемінде сенімді серктері бар. Олардың арасында Қамбар ата төлінің маңызы айрықша. «Ер қанаты – тұлпар» деп бекер айтпаған дана қазақ. Тіпті бұл Дон Кихоттың Росинанты, Ескендір Зұлқарнайынның Буцефалы сынды жаһандық тарихтан белгілі.

Ұлы дала ұрпағы мыңдаған жыл бұрын бүгінгі Қазақстан елінің аумағында алғаш рет жабайы жылқыны қолға үйреткені баршаға аян. Бұны төрткүл дүние мойындап отыр. Дәл сол уақытта адамзат тарихы түбегейлі өзгерді. Сол сәттен адам мен оның айнымас серігіне айналған жылқы арасында үзілмес достық сезімі пайда болды. Көнеден келе жатқан шабандоздық өнер осы үндестіктің жемісін айқын танытады. Бір-бірінің тілін тапқан қос жолдас ат спортының керемет түрлерін кеңге паш етіп жүр. Был – ұзақ жылғы тынымсыз еңбектің нәтижесінде келген тәжірибе.



×