Қазақстан Республикасының минералды-шикізаттық кешені жайлы бағдарламалар топтамасы.
Қазақстан минералды-шикізаттық ресурстарының саны мен түрлілігі бойынша әлемде жетекші орындардың бірін алады. Қазақстан минералды ресурстар қоры 100 жылдан аса уақытқа жететін елдердің қатарына кіреді. Осы ресурстардың түрлерінің әрқайсысы туралы бағдарламада.
Қазақстанның инвестициялық және туристтік потенциалы туралы бағдарлама. Бағларлама дәстүрлер мен бүгінгі заманның байланысын көрсетеді, өзіндік, бірегей даму жолын тапқан елдің жетістіктері мен мүмкіндіктерін айғақтайды.
Қазақстан - көпұлтты ел, мұнда 130 халықтар өмір кешуде.Кез-келген елдің өзіндік аспаздық брендтері. Біздің «National cuisine» жобамызда әр түрлі ұлт өкілдері қарапайым және ерекше тағамдардың рецепттерімен бөліседі. Бағдарлама кейіпкерлері - өз елінің ерекшеліктері мен дәстүрлері, мәдениеті туралы айтары бар танымал тұлғалар, актерлер, дизайнерлер, спортсмендер. Жоба мақсаты Қазақстанның бай этно-түрлілігін көрерменге оның аспаздық мұрасы арқылы жетікзу.
Бағдарлама қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарының жұмбақ әлемінің шымылдығын ашпақ. Тек мұнда ғана отандық эстраданың табынушылары өздерінің сүйікті кумирлерінің тек шығармашылық өмірі ғана емес, жеке өмірінің де қызық деректеріне тәнті болмақ. Бағдарлама кейіпкерлері өздерінің алғашқы деюбттері, жаңа әндері мен шығармашылық жоспарлары туралы көрермендермен бөліседі.